wrapper

Администрация

«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының Республикалық слетінің облыстық кезеңі аяқталды

2021 жылғы 31 тамыздан 2 қыркүйек аралығында Павлодар облысы білім беру басқармасының «Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы» КММ мен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдердің экология және туризм орталығы» МКҚК бірлесіп қашықтық форматында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының Республикалық слетінің облыстық кезеңін өткізді. Барлығы 11 команда қатысты. Қатысушылардың жасы: 12-17 жас аралығындағы білім алушылар. Слет келесі номинациялар бойынша өткізілді: Бард әндері конкурсы, «Жас өлкетанушы», «Туған өлке соқпақтары», «Ең керемет туристік өлке», «Туған өлке тарихы», «Экологиялық соқпақ», жорықта зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, туризм білгірлері. Республикалық слеттің облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының командасы абсолютті чемпион атанды. 2-орынды Кенжекөл ауылының отбасылық типтегі балалар ауылы командасы, 3-орынды Ертіс ауданының командасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім беру басқармасының дипломдарымен және медальдарымен марапатталатын болады. «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық туристік экспедициялық жасақтар слетінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Read more

Б.МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖОМ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ВОЛЕЙБОЛДАН ІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Талдықорған қаласында 14-20 сәуір аралығында өткізілген волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасында Павлодар облысының 5-6 сынып қыздар командасы ІІ орынға ие болды. Біздің облысымыздың намысын қорғап жүрген қыздар құрамасы Павлодар қ. Б.Момышұлы атындағы ЖОМ оқушылары: 1.Кенжекеева Адия 2.Куандыкова Диана 3.Жексенова Жанель 4.Жексенова Аиза 5.Жармагамбетова Танаис 6.Бекболатова Дарина 7.Динмуханбетова Дильназ 8.Касенова Камила Жаттықтырушы: Рахмангулов Арман, Павлодар қ.Б.Момышұлы атындағы ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі. Сонымен қатар, жарысқа белсене қатысқаны үшін «Үздік шабуылшы» номинациясымен Динмуханбетова Дильназ марапатталды. Волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Кубоктарымен, дипломдарымен және мадақтамаларымен марапатталды. Read more

Ұлттық мектеп лигасы аясында «Алтын доп» баскетболдан жеңімпаз команда анықталды

2021 жылғы 11-17 сәуір аралығында алты күн күн бойы өз облысының чемпиондарының атағын жеңіп алған Қазақстанның 8 аймағынан келген Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Павлодар облыстарының 5-6 сынып оқушылары (қыздар) Ұлттық мектеп лигасы аясында «Алтын доп» баскетболдан жарысқа түсті. 17 сәуірде Павлодар қаласында Ұлттық мектеп лигасы бағдарламасында баскетболдан «Алтын доп» жарысының жеңімпаздары мен жүлдерлерін марапаттау рәсімі өткізілді. Бұл іс-шараға ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының спорт бөлімінің басшысы Айбек Мусабекович Кабиев, Павлодар облысының білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының басшысы Бахтияр Суюндыкович Тусупов, № 2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Андрей Александрович Тарасов қатысты. Спортқа жақын жасөспірімдер спорттық шеберліктерін, жеңіске деген жігерліктерін көрсетіп, қызықты да, тартысты ойын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысы, Павлодар қ. № 26 ЖОББМ командасы жеңіске жетті. ІІ орынды Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының № 1 ЖОББМ командасы иеленді. ІІІ орында - Түркістан облысы «Далабазар» атындағы ЖОББМ командасы. Командалар намысқа тырысып, жеңілмеуге тырысып бақты. Ойын арасында ерекше көзге түскен ойыншылар баршылық: 1. «Үздік ойыншы» номинациясының иегері - Салеш Аружан (Батыс Қазақстан облысы); 2. «Үздік шабуылшы» номинациясының иегері - Мунатова Аяжан (Маңғыстау облысы); 3. «Үздік орталық қорғаушысы» номинациясының иегері - Альянова Анастасия ( Павлодар облысы); 4. «Үздік қорғаушы» номинациясының иегері - Ирисдавлетова Робия (Түркістан облысы); 5. «MVP ойыншысы» номинациясының иегері - Мавланбекова Камила (Түркістан облысы). Сонымен бірге, команданы дайындағаны үшін команда жетекшілері марапатталды. Баскетболдан «Алтын доп» Ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Кубоктарымен, дипломдарымен және мадақтамаларымен марапатталды. Read more

Warning: count(): Parameter must be an array or an object that implements Countable in /var/www/rupcfk/data/www/rupcfk.kz/templates/sj_financial/html/com_k2/templates/default/user.php on line 246

Сілтемелер мемлекеттік органдардың сайттары

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы" КММ
Қазақстан Республикасы индекс 140000 Павлодар облысы Павлодар қ., Ломов көшесі, 180/7 үй.Тел.: 20-50-85

Email: rupcfk@mail.ru

Яндекс.Метрика