wrapper

Items filtered by date: Среда, 15 Сентябрь 2021

Жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында «Дене шынықтыру» пәнін танымал ету және беделін арттыру, қазіргі өмірде оқушыларға қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды жетілдіру, мектептің білім беру бағдарламасы шеңберінде оқушылардың мектеп тәжірибесін байыту мақсатында 2021 жылғы 13-15 қыркүйек аралығында облыстың білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығымен 5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында алғаш рет «Дене шынықтыру» пәні бойынша олимпиада өткізілуде.

Теориялық бөлім мынадай бөлімдерді қамтиды: дене шынықтыру пәнін теориялық білім негіздері, Қазақстан спортының тарихы, олимпиада тарихы, Тіршілік қауіпсіздігі негіздері (бөлім бойынша). «Практика» бөліміне дене шынықтыру бағдарламасының негізгі бөлігіндегі жаттығуларды орындау ( гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар) енізілген.

«Дене шынықтыру және спорт» пәні бойынша республикалық олимпиада Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылғы 21-24 қыркүйекте өткізіледі.

Сілтемелер мемлекеттік органдардың сайттары

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы" КММ
Қазақстан Республикасы индекс 140000 Павлодар облысы Павлодар қ., Ломов көшесі, 180/7 үй.Тел.: 20-50-85

Email: rupcfk@mail.ru

Яндекс.Метрика