wrapper

Items filtered by date: Среда, 02 Декабрь 2020
ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Елбасына құрмет көрсету және жассөспірімдерді спортпен тұрақты айналысуға тарту мақсатында облыстың білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығымен «Елбасы сияқты бол» челленджі өткізілді. Челлендж 2-11 қараша аралығында (бірінші кезең) әр қала мен аудандарда жалпы білім беретін мектептер арасында өткізілді, 12-30 қараша аралығында аудандар мен қалаларда бір үздік бейнеролик іріктеліп бір-біріне жолдады. Челленджге облыстың 3 қаласы мен 10 ауданы қатысты. Челлендж минуттық роликті түсіруден тұрады, ер балаларда жатып қолды бүгу және созу, ал қыздарда денені көтеру. Осы челенджге қатысқан облыстың барлық қала мен аудандарының мектеп оқушыларына алғысымызды білдіреміз. Сіздерді ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, жақсылық пен қажымас қайрат тілейміз! Туған Қазақстанымызда бейбітшілік пен амандық болсын! Қазақстанның жұлдызы жарқырап, елімізде дәулетті де баянды өмір орнасын!
Среда, 02 Декабрь 2020 00:00

"Елбасы сияқты бол" челленджі

Шарбақты ауданы ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған «Елбасы сияқты бол» челленджін аяқтады. Осы челленджге қатысқан облыстың қала мен аудандарының мектеп оқушыларына алғысымызды білдіреміз.

Сілтемелер мемлекеттік органдардың сайттары

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы" КММ
Қазақстан Республикасы индекс 140000 Павлодар облысы Павлодар қ., Ломов көшесі, 180/7 үй.Тел.: 20-50-85

Email: rupcfk@mail.ru

Яндекс.Метрика