wrapper

Облыстық білім басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы 2020 жылдың 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында онлайн режимде теннис добын соғу және жонглерлік ету техникасы бойынша облыстық турнир өткізді. Онлайн жарыс Павлодар облысының қалалары мен аудандары арасында өтті. Барлығы 80 қатысушы,оның ішінде 33 қыз және 47 ұл. Жарысқа қатысуға 11-13 жас, 14-16 жас, 17-18 жас аралығындағы барлық тілек білдірушілер жіберілді. Жарыс қорытындысы бойынша 11-13 жас аралығындағы қыздар арасында 1-орынды Алексеева Алиса (Ертіс ауданы), 2-орынды Халилова Карина (Павлодар қ. № 8МЛ), 3-орынды Бияш Сабина (Қалқаман ОМ), ұлдар арасында 1 - орынды Керкеснер Эдуард (Павлодар қ. № 23 ЖОМ), 2-орынды Джунусов Алихан (Ертіс ауданы), 3-орынды Байсанов Нияз (Железин ауданы) иеленді. 14-16 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар арасында 1-орынды Гисса Анеля (Павлодар қ. № 8МЛ), Барт Артур (Павлодар қ.№ 11 МҮЖОБМ), 2 – орынды Темірбай Әсем (Павлодар қ. № 8МЛ), Алексеев Никита (Ертіс ауданы), 3-орынды Липатова Анастасия (Ақсу қ.), Женченко Антон (Ертіс ауданы) иеленді. 17-18 жас аралығында қыздар арасында 1-орынды Есалимова Карина (Шарбақты ауданы), 2-орынды Жакенова Даяна (Ақсу қ.), 3-орынды Путинцева Милена (Павлодар қ. № 6 ЖОМ) өз қанжығаларына байлады. Ұлдар арасында 1-орынға Қалимарданов Мәдениет (Ертіс ауданы), 2-орынға Оспан Мейрамбек (Аққулы ауданы), 3-орынға Борисенко Максим (Ертіс ауданы) жайғасты. Облыстық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Павлодар облысының білім беру басқармасының грамоталары мен медальдары берілетін болады.

Сілтемелер мемлекеттік органдардың сайттары

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы" КММ
Қазақстан Республикасы индекс 140000 Павлодар облысы Павлодар қ., Ломов көшесі, 180/7 үй.Тел.: 20-50-85

Email: rupcfk@mail.ru

Яндекс.Метрика