wrapper

Items filtered by date: Понедельник, 05 Октябрь 2020
«Асық ату» - бұл жай ғана ойын емес, дәлдік пен көшбасшылық қасиеттерді дамытатын спорт түрі. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақ арасында ұлттық ойындарға деген қызығушылық артып келеді. Ұлттық Мектеп лигасы аясында ұлдар арасында қашықтық форматта осы спорт түрлері бойынша жарыстар өтті. Барлық қатысушылар – 127. Турнир 2020 жылдың 28 қыркүйегінен 02 қазанына дейін жас топтары бойынша үйде өткізілді. Чемпионатқа қатысуға жас топтарындағы ұлдар командалары (5-6, 7-8, 9-11 сыныптар) жіберілді, команда құрамы бір мектептен 3 қатысушы болды. Жарыс қорытындысы бойынша 5-6 сынып арасында: І орын - Павлодар ауданы, Достық ЖОМ; ІІ орын – Аққулы ауданы, Ленин НМ; ІІІ орын – Ертіс ауданы, Майқоңыр ЖОМ; ІІІ орын – Екібастұз ауданы, Құдайкөл ЖОМ. 7-8 сынып арасында: І орын – Аққулы ауданы, Ленин НМ; ІІ орын – Тереңкөл ауданы, Березовка ЖОМ; ІІІ орын – Аққулы ауданы, Малыбай ЖОМ. 9-11 сынып арасында І орын – Павлодар ауданы, Достық ЖОМ; ІІ орын – Ақтоғай ауданы, Тіленшин ЖОМ; ІІІ орын – облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернат. Облыстық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Павлодар облысы білім беру басқармасының грамоталары мен медальдары беріледі.

Сілтемелер мемлекеттік органдардың сайттары

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы" КММ
Қазақстан Республикасы индекс 140000 Павлодар облысы Павлодар қ., Ломов көшесі, 180/7 үй.Тел.: 20-50-85

Email: rupcfk@mail.ru

Яндекс.Метрика