wrapper

Items filtered by date: Среда, 21 Октябрь 2020
2020 жылдың 17 қазанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған мектеп оқушылары арасында «Ақбозат» шахматтан ұлттық мектеп лигасының финалын өткізді.Турнир Lichess.org. сайт платформасында өтті. Республиканың 8 өңірінен қатысушылар қатысты.Жарыс жас топтары бойынша өтті: 1 жас тобы - 2-7 сынып; 2 жас тобы 8-9 сынып; 3 жас тобы-10-11 сынып. Павлодар қ. № 9 ЖОМ оқушылары 2-7 жас тобында бірінші тақтада ІІ орынды Малыгин Владислав, екінші тақтада І орынды Луцик Степан, 10-11 жас тобында екінші тақтада Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Сапархали Ильяс ІІІ орынды иеленді. Жалпы командалық есепте 2-7 сынып жас топтары арасында Павлодар облысының командасы І орынға ие болды. Біздің облыстың қатысушылары өздерінің үздік спорттық қасиеттерін, ойынның жоғары класын, спорттық құмарлықты және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Онлайн турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының грамоталарымен және медальдарымен марапатталады.
Бізде тағы бір керемет жаңалық бар Павлодарлық мектеп оқушысы Тимур Балмағамбетов финалдық ойындардың қорытындысы бойынша онлайн-шахматтан Әлем чемпионатында 5 орынға ие болды

Сілтемелер мемлекеттік органдардың сайттары

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы" КММ
Қазақстан Республикасы индекс 140000 Павлодар облысы Павлодар қ., Ломов көшесі, 180/7 үй.Тел.: 20-50-85

Email: rupcfk@mail.ru

Яндекс.Метрика