wrapper

Items filtered by date: Понедельник, 19 Октябрь 2020
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтудың салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Павлодар облысы білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығымен 12-17 қазан аралығында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында баскетбол добын себетке лақтыруды орындау техникасы бойынша облыстық онлайн турнир өткізілді. Жарысқа облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 213 оқушы қатысты: 154 ұл және 59 қыз. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында І орынды Федорчук Юлия, Ертіс ауданы, Ертіс № 1 ЖОМ, ІІ орынды Балтабай Томирис, Тереңкөл ауданының Бобровка ЖОББМ, ІІІ орынды Морозова Ангелина, Ертіс ауданының № 1 Ертіс ЖОББМ иеленді. Жасөспірімдер арасында І орын-Рыспаев Қайрат, Екібастұз қ. № 26 мектеп-гимназиясы, ІІ орын – Балабанов Олег, Екібастұз қ. № 1 мектеп-лицейі, ІІІ орын – Мазан Дамир, Аққулы ауданы Б. Уахатов атындағы ЖОББМ, ІІІ орын – Поляков Кирилл, Ертіс № 4ЖОББМ, ІІІ орын – Василенко Сергей, Ертіс № 4 ЖОББМ. Облыстық онлайн турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім беру басқармасының грамота және медальдарымен марапатталатын болады.

Сілтемелер мемлекеттік органдардың сайттары

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы" КММ
Қазақстан Республикасы индекс 140000 Павлодар облысы Павлодар қ., Ломов көшесі, 180/7 үй.Тел.: 20-50-85

Email: rupcfk@mail.ru

Яндекс.Метрика