wrapper

Items filtered by date: Среда, 14 Октябрь 2020
№ 5 Шарбақты арнайы жалпы білім беру интернатының 9-сынып оқушысы Айкенова Альмира челленджді №2 арнайы жалпы білім беру мектебіне жолдайды.
Ағымдағы жылдың 3-25 қазан аралығында Халықаралық мектеп спорт федерациясының қолдауымен мектептер арасында онлайн шахматтан Әлем Чемпионаты өтуде. Онлайн-жарысқа 120 мемлекеттің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысады. Жеңімпаздарға Қытайдағы 2021 жылғы Дүниежүзілік гимназиадаға қатысу құқығын берумен қатар, Халықаралық мектеп спорт федерациясының ноутбуктерімен және рейтингтік сертификаттарымен марапатталатын болады. Біздің облысымыздың оқушылары біліктілік турнирінен өтіп, онлайн – шахматтан әлем чемпионатының финалына шықты, алдын ала турлардың қорытындысы бойынша белгілі бір позицияға ие болды: 1.Балмағамбетов Тимур, Павлодар қ.№1 ЖОББМ оқушысы - 21 позиция; 2. Жәнібек Мирманов, Екібастұз қаласы № 22 мектеп гимназиясының оқушысы -27позиция; 3.Шакенова Индира, Екібастұз қ. № 1 ЖОББМ оқушысы – 32 позиция; 4.Асқарова Аружан, Павлодар қ. №3 гимназиясының оқушысы – 34 позиция; 5.Тулегенова Дилляра, Екібастұз қ. № 1 ЖОББМ оқушысы - 36 позиция. Қыздарда финал 2020 жылдың 17 қазанында, ұлдарда 18 қазанда өтеді. Балалар, сіздер жарайсыздар! Финалда барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!

Сілтемелер мемлекеттік органдардың сайттары

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы" КММ
Қазақстан Республикасы индекс 140000 Павлодар облысы Павлодар қ., Ломов көшесі, 180/7 үй.Тел.: 20-50-85

Email: rupcfk@mail.ru

Яндекс.Метрика