wrapper

Items filtered by date: Вторник, 13 Октябрь 2020
Павлодар облысы білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 10-11 қазан аралығында www.lichess ойын платформасында мектеп оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасы аясында шахматтан «Ақбозат» облыстық онлайн турнирі өткізілді. Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан 140 оқушы қатысты. Жоғары жас тобында I орынды Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 мектеп-лицейінің командасы иеленді, II орын – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты, III орын – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы. Кіші жас тобында I орынды Павлодар қ. №9 ЖОМ командасы, ІІ орынды Павлодар қ. №8 мектеп-лицейі, III орынды Екібастұз қ. №24 МГ командасы иеленді. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері АОТДТО медальдарымен, мадақтамаларымен және дипломдарымен марапатталады. Турнир жеңімпаздары республикалық «Ақбозат-2020» турниріне қатысады.

Сілтемелер мемлекеттік органдардың сайттары

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы" КММ
Қазақстан Республикасы индекс 140000 Павлодар облысы Павлодар қ., Ломов көшесі, 180/7 үй.Тел.: 20-50-85

Email: rupcfk@mail.ru

Яндекс.Метрика