wrapper

Items filtered by date: Понедельник, 12 Октябрь 2020
Павлодар облысы білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы 2020 жылдың 5-10 қазан аралығында Павлодар облысы колледждерінің оқушылары арасында баскетболдан онлайн турнир өткізді. Жарыс бағдарламасына 3 тест тапсырмасы енгізілді. Бірінші - баскетбол добын себетке 3 ұпайлық сызықтан 1 минутта лақтыру; Екінші - баскетбол добын себетке 1 минут ішінде айып сызығынан лақтыру; Үшінші - допты себетке лақтыра отырып, 3 ұпайлық сызығынан өтуді орындау Барлығы 83 студент қатысты. Оның ішінде 56 ұл, 27 қыз. Турнир қорытындысы бойынша Жасөспірімдер арасындағы: І орын-Сарычев Никита, Павлодар педагогикалық жоғары колледжі; ІІ орын-Кушербай Жанат, Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі; ІІІ орын-Шокан Илияс, ПМУ колледжі. Қыздар арасында: І орын-Федорчук Оксана, Ертіс аграрлық-техникалық колледжі; ІІ орын-Соколова Арина, жоғары электроника және коммуникациялар колледжі; ІІІ орын-Гончарева Валерия, сервис және тамақтану колледжі; ІІІ орын - Бейсембек Ардақ, жоғары электроника және коммуникациялар колледжі. Облыстық онлайн турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім беру басқармасының грамота және медальдарымен марапатталатын болады.

Сілтемелер мемлекеттік органдардың сайттары

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы" КММ
Қазақстан Республикасы индекс 140000 Павлодар облысы Павлодар қ., Ломов көшесі, 180/7 үй.Тел.: 20-50-85

Email: rupcfk@mail.ru

Яндекс.Метрика