wrapper

2020 жылғы 28 тамыздан 06 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша ашық алаңдарда футбол добымен жонглерлік ету бойынша Павлодар облысының онлайн чемпионаты өткізілді. Қатысушылар жоғарғы жонглерлік (басымен) және төменгі жонглерлік (аяқпен) түрлері бойынша жарысты. Барлығы 56 адам қатысты. Чемпионатқа Павлодар облысының жалпы білім беру мектептерінің 10 жасқа дейінгі, 11-14 және 15-17 жастағы оқушылары жіберілді. Облыстық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Павлодар облысы білім беру басқармасының грамоталары мен медальдары беріледі. 10 жасқа дейінгі аяқпен жонглерлік ету қорытындысы бойынша І орынды Ақсу қаласының № 8 ЖОМ оқушысы Ирниязов Нұрдәулет иеленді. ІІ орынлда Марченко Данил, Павлодар қ. № 43 ЖОМ оқушысы, ІІІ орын – Хузин Матвей, Павлодар қ. № 43 ЖОМ оқушысы. 11-14 жас аралығында І орын да Павлодар қ. № 21 ЖОМ оқушысы Стеблюков Максим, ІІ орында Иманбаев Батырхан, Ақсу қ. № 8 ЖОМ оқушысы, ІІІ орында - Ахмет Манарбек, Павлодар ауданы Чернорецк ЖОМ оқушысы. 15-17 жас аралығындағы оқушылар арасында І орынды Шарбақты ауданының Алексеевка ЖОББМ оқушысы Павленко Александр, ІІ орынды Павлодар қаласының № 2 ЖОББМ оқушысы Рыспек Темірлан, ІІІ орынды Павлодар ауданынан Кораблев Расул иеленді. 15-17 жас аралығындағы топ арасында баспен жонглерлік ету бойынша І орынды Тереңкөл ауданынан Шарипов Ильяс, ІІ орынды Шарбақты ауданынан Кажумхан Ернар, ІІІ орынды Тереңкөл ауданынан Рысунов Максим иеленді. Сондай – ақ, 11-14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында І орынды Сайлаубай Али (Майқарағай), ІІ орынды – Әбілқасов Дильжан (Ақсу қаласы), ІІІ орынды-Рысунов Владислав (Тереңкөл ауданы) қанжығаларына байлады.

Сілтемелер мемлекеттік органдардың сайттары

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы" КММ
Қазақстан Республикасы индекс 140000 Павлодар облысы Павлодар қ., Ломов көшесі, 180/7 үй.Тел.: 20-50-85

Email: rupcfk@mail.ru

Яндекс.Метрика