wrapper

 

7 күн бойы өз облысының чемпиондарының атағын жеңіп алған Қазақстанның 11 аймағынан келген 7-8 сынып оқушылары футболдан "Былғары доп" Ұлттық мектеп лигасында жарысқа түсті.

Спортқа жақын жасөспірімдер спорттық шеберліктерін, жеңіске деген жігерліктерін көрсетіп, қызықты да, тартысты ойын көрсетті. Турнир нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды Маңғыстау облысы командасы иеленсе, Қызылорда командасының командасы жақсы дайындықпен келгендерін көрсетіп, 3:1 есебімен топ жарып  Павлодар облысы командасын ІІ орынға жайғастырды. Командалар намысқа тырысып, жеңілмеуге тырысып бақты.

Ойын арасында ерекше көзге түскен ойыншылар баршылық. Алғашқы ойыннан көзге түсіп Алматы қаласы командасының үздік ойыншысы Жидеев Димитрий атанса, белсенділік танытқан Нұр-Сұлтан қаласы командасының ойыншысы Жантуов Сайлау үздік шабуылшы атанды, Қызылорда командасы қақпашысы Кәрім Аслан «Үздік қақпашы» номинациясына, ал «Үздік қорғаушы» номинациясына Павлодар облысы командасының ойыншысы Асаинов Санжар ие болды.

7-8 сынып оқушылары арасында футболдан «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Кубоктарымен, дипломдарымен және мадақтамаларымен марапатталды.

Командалар бір-біріне лайықты болды және мықты футбол көрсетті. Алдағы уақытта былғары доп шеберлеріне спортта сәттілік тілейміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Другие материалы в этой категории: « Волейбол Алтын доп

Ссылки на сайты государственных органов

КГУ "Региональный учебно-практический центр физической культуры" управления образования Павлодарской области, акимата Павлодарской области
КАЗАХСТАН, Павлодарская область, Павлодар Г.А., г.Павлодар, ул. Ак.Маргулана 102
Тел.: 20-50-85
Email: rupcfk@mail.ru