Павлодар облысы білім басқармасының Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 06-07 сәуірде Павлодар қаласының Дарынды қыз балаларға арналған білім – инновация лицей – интернаты және № 25 ЖОББМ спорт залдарында 4-ші облыстық «Ұлттық Мектеп лигасы» спартакиадасының бағдарламасында 5-6 сыныпты ұлдар мен қыздар арасында волейболдан жарыс өтті.
Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан 20 команда қатысты. Барлығы 160 оқушы.
Ойындар нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:
5-6 сынып оқушылары арасында:
1 орынды – Екібастұз қаласының №10 ЖОББМ;
2 орынды – Тереңкөл ауданының №1 Песчан ЖОББМ;
3 орынды – Баянауыл ауданының Ш. Шоқиннің ЖОББМ.
5-6 сынып қыздарының арасында:
1 орынды -Павлодар ауданының Ямышев ЖОББМ;
2 орынды – Май ауданының Жалтыр ЖОББМ;
3 орынды -.Павлодар қаласының Қ. Мақпалеев ат. ЖОББМ.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім басқармасының АОТДТО – ның кубоктарымен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.