Павлодар қаласының №42 ЖОББМ спорт залдарында 4-ші облыстық «Ұлттық Мектеп лигасы» спартакиадасының бағдарламасында 5-6 сыныпты ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан жарыс

Павлодар облысы білім басқармасының Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық – бұқаралық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 24-25 наурызда Павлодар қаласының №42 ЖОББМ спорт залдарында 4-ші облыстық «Ұлттық Мектеп лигасы» спартакиадасының бағдарламасында 5-6 сыныпты ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан жарыс өтті.

Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан 20 команда қатысты. Барлығы 156 оқушы.

Ойындар нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:

 

5-6 сынып ұлдары арасында:

1 орынды – Ертіс ауданының  №4 Ертіс ЖОББМ;

2 орынды – Екібастұз қаласының №13 ЖОББМ;

3 орынды – Тереңкөл ауданының А. Н. Елгина ат. №1 ЖОМ.

 

5-6 сынып қыздарының арасында:

1 орынды – Павлодар қаласының №35 ЖОББМ;

2 орынды – Ақсу қаласының мектеп-лицейі;

3 орынды – Екібастұз қаласының №11 ЖОББМ.

 

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім басқармасының АОТДТ-ның кубоктарымен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.