Павлодар облысы білім басқармасының Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 13-14 наурызда 4-ші облыстық «Ұлттық Мектеп лигасы» спартакиадасының бағдарламасында 7-8 сынып ұлдар мен қыздар арасында гандболдан жарыс өтті.
Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан 15 команда қатысты. Барлығы 148 оқушы.
Ойындар нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:
7-8 сынып ұлдарының арасында:
1 орынды – Тереңкөл ауданының № 3 ЖОББМ,
2 орынды – Павлодар қаласының № 21 ЖОББМ,
3 орынды – Екібастұз қаласы № 10 ЖОББМ;
7-8 сынып қыздарының арасында:
1 орынды – Павлодар қаласының № 36 ЖОББМ,
2 орынды – Екібастұз қаласының №11 ЖОББМ,
3 орынды – Тереңкөл ауданы Калинов ЖОББМ.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім басқармасының АОТДТО-ның кубоктарымен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.