1 лига колледждерінің ұлдары мен қыздары арасында ХХІ облыстық Спартакиада бағдарламасында волейболдан жарыс

2023 жылдың 28 ақпанынан 3 наурызына аралығында Б. Ахметов атындағы Павлодар жоғары педагогикалық колледжі мен Жоғары электроника коммуникация колледждерінің спорт залында 1 лига колледждерінің ұлдары мен қыздары арасында ХХІ облыстық Спартакиада бағдарламасында волейболдан жарыс өтті.

Жарысқа Павлодар қаласының барлық колледждерінен 10 ұлдар командасы және 10 қыздар командасы, 200 спортшы қатысты.

Жарыс нәтижелері бойынша ұлдар арасында орындар келесідей бөлінді:

1 орынды – М. Қанапьянов атындағы Жоғары колледж;

2 орынды – Ақсу қара металлургия колледжі;

3 орынды – Жоғары ИнЕУ колледжі.

Қыздар арасында

1 орынды – Жоғары ИнЕУ колледжі;

2 орынды -Б. Ахметов атындағы Павлодар жоғары педагогикалық колледжі;

3 орынды – М. Қанапьянов атындағы Жоғары колледжі.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім басқармасының АОТДТО-ның грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.