2023 жылдың 22 ақпанда Ертіс шаңғы базасында 2 лига колледждерінің ұлдары мен қыздары арасында XXXI облыстық Спартакиада бағдарламасында шаңғы жарысы бойынша жарыстар өтті.
Жарысқа Павлодар қаласының барлық колледждерінен 6 ұлдар командасы және 7 қыздар командасы, 54 спортшы қатысты.
Жарыс нәтижелері бойынша ұлдар арасында орындар келесідей бөлінді:
1 орынды – Павлодар техникалық сервис колледжі;
2 орынды – Павлодар монтаж колледжі;
3 орынды – Павлодар химия-механикалық колледжі.
Қыздар арасында:
1 орынды – Технологиялық колледж;
2 орынды – Павлодар қызмет көрсету колледжі;
3 орынды – Павлодар химия-механикалық колледжі.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім басқармасының АОТДТО-ның грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.