«Сарбаз – 2023»

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Қабанбай батыр атындағы  облыстық мамандандырылған «Жас Сарбаз» мектеп-лицей-интернаты базасында, қысқы әскери-қолданбалы спорт түрлерінен «Сарбаз – 2023» бойынша облыстық жарыс өтті. Оған қалалар мен аудандардың 13 командасы қатысты.

Жарысты өткізу 5 кезеңді қамтыды:

  1. Белтемірге тартылу.
  2. АК-74 автоматын бөлшектеу, құрастыру.
  3. ЖӘҚК кию.
  4. Пневматикалық мылтықтан ату.
  5. Шаңғы жарысы.

Осы жарыстардың қорытындысы бойынша аудандар арасында Шарбақты ауданының командасы 1-орынды, Май ауданының командасында 2-орынды және Ертіс ауданының командасы 3-орынды иеленді.

         Қалалар арасында: Павлодар қ.-1-орын, Ақсу қ.-2-орын, Екібастұз қ. – 3-орын. Жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдармен, қатысушылар грамоталармен және медальдармен, жеңімпаз командалар грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Ашылу мен марапаттауға Павлодар облысы қорғаныс департаменті бастығының орынбасары подполковник А. А. Бухарбаев және Ауғанстан соғысының интернационалист жауынгерлері қатысты.