2022 жылдың 20-23 желтоқсанда Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің спорт залында 1 лига колледждерінің ұлдарымен қыздары арасында XXI облыстық Спартакиада бағдарламасында баскетболдан жарыстар өтті.
Жарысқа Павлодар қаласының барлық колледждерінен 9 ұлдар командасы және 8 қыздар командасы, 170 спортшы қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша ұлдар арасында орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Жоғары электроника және коммуникация колледжі;
2 орын – Ақпараттық технологиялар колледжі;
3 орын – С.Торайғыров ат. университетінің жоғарғы колледжі;
Қыздар арасында:
1 орын – Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі;
2 орын – Ақпараттық технологиялар колледжі;
3 орын- М. Қанапьянов атындағы педагогикалық жоғары колледжі.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім басқармасының АОТДТО-ның грамоталарымен марапатталды.