2022 жылдың 23 желтоқсанда «Павлодар монтаж колледжі» ШЖҚ КМК базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толуына арналған «Қыран-2022» әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық жарыстар өтті.
Жарыс бағдарламасына келесі бағдарламалар кірді: «АК-74 бөлшектеу-құрастыру», «ЖҚҚ кию», «Белтемірге тарту», «пневматикалық мылтықтан ату», «АК-74 оқ-дәріні жабдқтау».
Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен 15 команда қатысты, бұл әскерге шақырылғанға дейінгі жастардың 100-ден астам оқушыларды қамтыды.
Жарыс қорытындысы бойынша 3 жалпы командалық орынды Павлодар монтаж колледжі, 2 орынды Павлодар химия – механикалық колледжі, 1 жалпы командалық орынды Павлодар қаласының Қазтұтынуодағының жоғары экономикалық колледжі иеленді.
Аудандар арасында 3 жалпы командалық орынды «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжі, 2 орынды Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы жоғары көпсалалы колледжінің командасы, 1 жалпы командалық орынды Ақсу қара металлургия колледжінің командасы жеңіп алды
Жеңімпаздар кубоктармен және медальдармен, жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды.