С.Торайғыровты еске алуға арналған 7-8 сыныптардың ұлдары мен қыздары арасында «Ұлттық мектеп лигасы» 4-ші спартакиадасы есебіне волейболдан облыстық турнир

2022 жылдың 21 – 22 желтоқсанда Павлодар қаласының ДБАОКЛИ және №29 ЖОББМ спорт залдарында С.Торайғыровты еске алуға арналған 7-8 сыныптардың ұлдары мен қыздары арасында «Ұлттық мектеп лигасы» 4-ші спартакиадасы есебіне волейболдан облыстық турнир өтті.

Волейбол жарысына облыстың қалалары мен аудандарының 11 ұлдар командасы және 11 қыздар командасы қатысты. Барлығы 176 оқушы.

Ойындар қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

Волейбол 7-8 сынып қыздары арасындағы:

1 орын- Павлодар қаласының Б. Момышұлы ат. ЖОББМ;

2 орын – Павлодар ауданының Заря орта мектебі;

3 орын – Май ауданының Жалтыр ЖОББМ.

Волейбол 7-8 сынып ұлдар арасындағы:

1 орын- Ертіс ауданының Панфилов ЖОББМ;

2 орын – Май ауданының Қазан ЖОББМ;

3 орын – Павлодар ауданының Новоямышев ЖОББМ.

Финалдық ойындар мен марапаттау рәсімдеріне педагогикалық еңбек ардагері, спорт ардагері, АОТДТО-ның бірінші басшысы Мамашев Талғат Фаридович қатысты.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім басқармасының АОТДТО-ның грамоталарымен, медальдарымен және кубоктарымен марапатталды, жеңімпаздар да кубоктарға ие болды.