2022 жылдың 19-20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 5-6 және 7-8 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен «Ұлттық Мектеп лигасы» 4-ші спартакиадасының бағдарламасында облыстық жарысы Павлодар қаласының №2 БЖСМ «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында өтті.
Үстел теннисінен жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан 22 команда қатысты. Барлығы 66 оқушы.
Ойындар қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
5-6 сынып оқушылары арасында үстел теннисі:
1 орын-Екібастұз қаласының №10 ЖОББМ;
2 орын – Успен ауданының Тавалжан ЖОББМ;
3 орын- Ертіс ауданының Қызылжар ЖОББМ.
7-8 сынып оқушылары арасында үстел теннисі:
1 орын-Успен ауданының Тавалжан ЖОББМ;
2 орын – Павлодар ауданының Заңғар ЖОМ;
3 орын- Баянауыл ауданы Е.Бекмаханов ат. ЖОМ.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім басқармасының АОТДТО-ның грамоталарымен марапатталды.