2022 жылдың 12 желтоқсанда «Жас дарын» мектебінде және №8 мектеп-лицейінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 5-6 сынып оқушылары арасында үстел теннисі, тоғызқұмалақ және шахматтан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық финалына іріктеу жарыстары өтті.
Жарысқа облыстық мектептердің 9 командасы қатысты. Ойындар қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
Үстел теннисінен:
1 орын – «Жас дарын» мамандандырылған мектеп;
2 орын – Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-
интернаты;
3 орын – Дарынды балаларға арналған № 8 -лицей мектебі;
Тоғызқұмалақтан:
1 орын – Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-
интернаты;
2 орын – «Жас дарын» мамандандырылған мектеп;
3 орын – Дарынды балаларға арналған №3 гимназия;
Шахматан:
1 орын – Дарынды балаларға арналған № 8 -лицей мектебі;
2 орын – Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-
интернаты;
3 орын – «Жас дарын» мамандандырылған мектеп;
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім басқармасының АОТДТО-ның грамоталарымен марапатталды.