XXXI облыстық Спартакиада бағдарламасында үстел теннисінен жарыс

2022 жылдың 03 қарашасында Павлодар қаласының JENIMPAZ үстел теннисі орталығында колледж студенттерінің ұлдары мен қыздары арасында XXXI облыстық Спартакиада бағдарламасында үстел теннисінен жарыс өтті. Жарысқа Павлодар облысының барлық колледждерінен 12 ұлдар командасы және 11 қыздар командасы, 46 спортшы қатысты.

Жарыс нәтижелері бойынша ұлдар арасында орындар келесідей бөлінді:

1 орынды – Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжі.

2 орынды – Павлодар техникалық сервис колледжі.

3 орынды – Павлодар сервис және тамақтану колледжі.

Қыздар арасында:

1 орынды – Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжі.

2 орынды – Жоғары инновациялық көп саласы колледжі.

3 орынды – Павлодар қызмет көрсету колледжі.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім басқармасының АОТДТО-ның грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.