С. Торайғыровтың 129 жылдығына және Республика күніне арналған облыстық дарынды балаларға арналған мектептердің 7-8 сыныптарының ұлдары мен қыздары арасында волейболдан облыстық турнир

2022 жылғы 27-28 қазанда облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатының спорт залында С. Торайғыровтың 129 жылдығына және Республика күніне арналған облыстық дарынды балаларға арналған мектептердің 7-8 сыныптарының ұлдары мен қыздары арасында волейболдан облыстық турнир өтті.

Турнирге дарынды ұлдар мен қыз балаларға арналған білім – инновция лицей-интернат командалары, Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия – интернаты, Ақсу қаласының Қ.Сатпаев атындағы гимназиясы, «Жас дарын» мектебі және алаң иелері – Дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей интернаты командалары қатысты.

Барлығы: 10 команда және 80-нен астам қатысушы.

Ойындар қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: қыздар арасында:

1 орын – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия – интернаты;

2 орын – Ақсу қаласының Қ.Сатпаев атындағы гимназиясы;

3 орын – Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназиясы;

ұлдар арасында:

1 орын- Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия – интернаты;

2 орын – Дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей интернаты.

3 орын – Дарынды ер балаларға арналған білім – инновция лицей-интернаты.

Барлық командалар Павлодар облысы білім басқармасының АОТДТО-ның естелік грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды, жеңімпаздар 2023 жылғы наурызда 7-8 сынып оқушылары мен ұлдар арасында волейболдан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық финалына қатысады.